RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында 18 этномәдени бірлестік бар

18.04.2025, 09:00 496

Атырау облысында 18 этномәдени бірлестік бар.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосып жүрген 80-нен астам ұлт өкілінің қазақ еліне алғысы шексіз. Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған жандардың қамқорлығын ұмытпаймыз - дейді. Солардың бірі – «Тхонь Иль» кәріс этномәдени бірлестігі.

Татулықты ту еткен «Тхонь Иль»   

«Тхонь Иль» сөзі кәріс тілінен аударғанда бірлік деген мағына береді. Этномәдени бірлестік мүшелері, шынында, елдегі татулықтың айнасы. Түрлі қоғамдық іс-шарадан қалмай, өңірдің мәдени дамуына да елеулі үлес қосып келеді. Жастар ғана емес, қариялар да ұлттық спорты – таэквондомен айналысады.

Светлана Ханның ата-бабасы Атырау өңіріне 1937 жылы қоныс аударған. Қазақ жеріне табан тіреген жандарға жергілікті тұрғындар көп қолдау көрсеткен. «Бұл қамқорлықты ешуақытта ұмытпаймыз»,- дейді 80-нен асқан қария.

Светлана Хан, «Тхонь Иль-Атырау» ҚБ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Біз осы елде дүниеге келдік. Өзіміз білім алдық. Балаларымыз оқыды. Біз үшін Қазақстаннан өзге Отанымыз жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясының біз үшін маңызы зор. Өйткені соның арқасында біз бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Өзге ұлт өкілдерімен де ынтықмағымыз жарасқан.

Бұл – этномәдени бірлестік жанынан құрылған Самульнори тобы. Кәрістің ұрмалы аспабымен ұлттық өнерін насихаттап жүрген жастар шаһардағы мерекелік іс-шаралардан қалыс қалмайды. Бүгінде 20-ға жуық жас волонтерлікпен де айналысады.

Артур Шатов, Самульнори тобының жетекшісі:

- Біз осы орталықта бас қосып, жиындар өткізіп тұрамыз. Қаладағы түрлі қоғамдық жұмыстарға қатысамыз. Волонтер жастар да біздің арамызда.

Индира Пак, «Тхонь Иль-Атырау» ҚБ Жастар қанатының төрағасы:

- Бізде 14-20 жас аралағындағы 30-ға жуық жас бар. Олар кәріс ұлтымен қатар қазақ халқының да салт-дәстүр, мәдениетін білуге құштар. Осы орталықта бәріміз бас қосып, өзімізді дамытамыз. Түрлі жиын өткіземіз. Үлкендерге жәрдемдесеміз.

«Тхонь Иль» этномәдени бірлестігінің жанынан құрылған «Саранг» хоры да көпке таныс. Бүгінде олар тек кәріс әндері ғана емес, қазақ композиторларының шығармаларын да әуелетіп орындайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz