Енді тері мен жүн экспортына баж салығы салынбайды.
Бұған дейін мал терісінің бір тоннасына 200 еуро, жүннің тоннасына кемінде 50 еуро баж салығы салынып келген еді. Жаңа ереже үш жыл мерзімге енгізіліп отыр. Кейін қайта қаралуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, кәсіпорындарды қолдау мақсатында өңдеуге өткізілген шикізатқа субсидия беру шаралары қарастырылып жатыр. Бірақ тері мен жүнге ел ішінде сұраныс төмен. Шикізаттың басым бөлігі кәдеге жарамайды. Ал баж салығының жойылуы экспортты жандандыруға тиіс.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі:
- Тері мен жүнге салынатын экспорттық баж салығын алып тастау ірі қара және ұсақ мал өсіретін фермерлердің қалдықтарды жоюға жұмсалатын шығындарын азайтуға, өндірістік тізбекті дамытуға және өткізу нарықтарын кеңейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ ауылшаруашылығы шикізатын өндіретін және экспорттайтын отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #салық #экспорт
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz