Қоғамда резонанс тудырған қайғылы оқиға 2024 жылдың қазан айында орын алған еді. Бұл істе 9 айыпталушы бар.
Абзал Шынасыл – бұзақылық бойынша кінәсін жартылай мойындады. Ал "Адам өлтіру" бабы бойынша кінәсін мойындамады;
Равиль Сакиев – кінәсін толық мойындамады;
Шыңғыс Белғожаев – кінәсін мойындады, бірақ іс бойынша сәйкессіздіктер бар екенін айтты; Азамат Тоқтаубаев – кінәсін ішінара мойындап, былай деді: "Оқиға орнында болдым, бірақ қолымда пышақ болған жоқ. Мен де ұрлық жасағанымды мойындамаймын, телефонды алдым, бірақ ұрлық мақсатында емес";
Дархан Әскентай – кінәсін мойындамады;
Нұрқияс Ілиясов – кінәсін мойындамады,
Нұрбол Тоқтаубаев – кінәсін ішінара мойындады;
Дидар Қалияхмет – кінәсін толық мойындамады;
Думан Ысқақ – кінәсін толық мойындамады.
Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырова сот отырысында қатысушылардың сұрақтарына бірінші болып жауап беруде. «Бізден ешкім кешірім сұраған жоқ», - деді ол өз сөзінде.
Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан. Ер адамдар арасында жанжал басталып, арты төбелеске ұласқан.
Сот отырысының онлайн трансляциясын «Khabar News» YouTube арнасынан көре аласыздар. Мәтін түріндегі нұсқасын «24KZ» Telegram арнасынан оқи аласыздар.
Тегтер #Шерзат ісі #Шерзат Полат #сот отырысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz