RU
Толық нұсқаға өту

Биыл жол құрылысына арналған 79 жаңа материал сынақтан өтеді

18.04.2025, 13:20 598

Биыл елде жол құрылысында қолданылатын 79 жаңа материал сынақтан өткізіледі.

Нақты учаскелерде тестілеу тәжірибесі сәтті өтсе болашақта күрежолдардың сапасы артып, түрлі температуралық жағдайларға шыдас береді. Заманауи технологияның қатарында көктайғаққа қарсы реагенттер, топырақты тұрақтандыратын, цемент-бетон жолдардың беріктігін арттыратын қоспалар бар. Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина: «бүгінде еліміз «суперасфальт» технологиясына көшу аясында жаңа жол жамылғысының стандартына өтіп жатыр», - деді. Бұл технология жолдарды күтіп ұстауға кететін шығындарды азайтады. Биыл 7 жол учаскесі осы технология бойынша салынады. Мамандардың айтуынша, сондай-ақ автокөлік көпірлеріндегі ақауды ерте анықтайтын диагностика технологиясы  қолданыла бастайды. Ол жол қозғалысын тоқтатпай әрі ауыр техниканы қолданбай-ақ олқылықты табуға мүмкіндік береді.

Анар Ғабдуллина, ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:

- Жүйенің басты артықшылығы - жылдамдық пен тиімділік. Бұған дейін мұндай тексерулерге көп уақыт пен ресурс қажет болатын әрі жүргізушілерге қолайсыздық туғызатын. Енді бұл технология инженерлік шешімдер қабылдау процесін жеделдетіп, апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz