RU
Толық нұсқаға өту

Шерзат ісі: жәбірленушілерден жауап алынды. Live

18.04.2025, 13:45 636

Талдықорғанда «Шерзат» ісіне байланысты өтіп жатқан сот отырысында бүгін жәбірленушілерден жауап алынды.

Сот процесінде алғашқы болып Шерзаттың апасы Жұмабике Кадирова жауап берді. Ол сотталушылардың арасынан Абзал Шынасылды көргенін айтты. Әрі Шерзатқа бара жатқанда сол жігіт қағып құлатқанын баяндады. Күдіктілер қылмыс жасауға дайындалып келген. Олардың бәрінің қолында пышақ болды. Қайғылы жағдайдан соң  үш мәшинеге отырып, «Нұрқанатты да, Шерзатты да өлтірдік»,- деп кетті деп ойын қорытындылады. Айыпталушылардың төртеуі бұрын істі болғанын айттық. Соған байланысты апасы күдіктілер қамалғанда мұндай қылмыс болмайтынын жеткізді. Бұдан кейін Шерзаттың анасы Гүлбара Бишимбиеваға сұрақ қойылды. Ол Шерзатқа Абзал, Нұрғанатқа Равиль пышақ салғанын айтты. Қыздар бізге қарай тас лақтырды. Жедел-жәрдем, полиция шақырыңдар дедім. Олар қарап тұрды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz