RU
Толық нұсқаға өту

Шарын шатқалынан 3 тонна қоқыс шығарылды

18.04.2025, 14:40 652

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шарын шатқалы аумағында ауқымды экологиялық іс-шара өтті.

Нәтижесінде Ұлттық парк аумағынан 3 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Экологиялық сенбілікке Ұйғыр ауданының белсенді жастары мен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттер қатысты. Олар табиғаттың тұмса келбетін сақтауға атсалысып, Шарын шатқалын күл-қоқыстан тазартты. Жыл басынан бері Шарын шатқалында бірнеше экологиялық акция ұйымдастырылған. Атап айтқанда, «Айналаңды қоқысқа айналдырма», «Таза аймақ», «Тазалық – саулық негізі», «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты шаралар арқылы халықтың табиғатқа деген жауапкершілігі артып келеді. Ұйғыр ауданының орталығы — Шонжы ауылындағы мектеп оқушылары да бұл игі бастамадан шет қалмады. Табиғатты көгалдандыруға үлес қосу мақсатында олар мыңнан астам боз арша тұқымын арнайы құтыларға отырғызды. Болашақта бұл көшеттер оқушылар білім алып жатқан мектептердің айналасы мен Шарын ұлттық паркінің аумағына егілмек.

Максим Акрамов, «Шарын МҰТП» туризм бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда енді «Таза Қазақстан» бойынша бізде көптеген акциялар өтіп жатыр. Отыз алтыдай іс-шара өткіздік. Жалпы қазіргі уақытта мыңға дейін адам қатысты. Осы өткен демалыста қазақ аграрлық университетінен 50 студент келіп, тазалық жұмыстарын өткіздік. Енді жалпы 5 мыңға жуық адам қатысады деп жобалануда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz