RU
Толық нұсқаға өту

Жеңісті жақындатқан тұлғалардың өмірі мен еңбектері көрмеде таныстырылды

18.04.2025, 23:31 604

Жеңісті жақындатқан тұлғалардың қатарында Шәкен Мәжитов, Халида Маманова, Бахия Атшабаров, Сәкен Нұғманов, Саим Балмұханов сынды ардагер-ғалымдар бар.

Олардың өмірі мен ғылыми мұрасы – бүгінгі ұрпаққа үлгі, тағылым көзі. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві осы ғалымдардың жеке қорындағы құнды құжаттар негізінде арнайы көрме ұйымдастырды. Мақсат – өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің, Тәуелсіздіктің, тарихтың қадір-қасиетін ұғындыру. Көрмеде Қазақстандағы алғашқы криминолог-ғалым Шәкен Мәжитовтің медальдарына берілген куәліктерінің фотосуреттері, онкология ғылымының негізін қалаған Сәкен Нұғмановтың орден кітапшасының көшірмесі ұсынылды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар медицина ғылымдарының докторы, профессор Халида Маманованың Иосиф Сталинге жазған хаты туралы да сыр шертіп, тың деректермен бөлісті.

Баян Жұматаева, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшысы:

- Халида Маманова, Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Сталинге хат жазып, біздің ата-бабамыздың атынан осындай ярлыкты алып тастаңдар «байское происхождение» деген, «сонда жеңіспен келуге ант беремін, болмаса мені штрафной батальонға беріңіз» деген, «жіберіңіздер» деген. Сонымен Қазақстаннан кеткен штрафной батальонда жалғыз әйел адам Халида Есенқұловна Маманова. Ол кісі медицина ғылымының докторы. Ол кісінің қорын бізге баласы өткізген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz