RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Гауһартас көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

19.04.2025, 16:16 636

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Телқоңыр көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Гауһартас көшесіне орташа жөндеу жүргізеді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Осыған байланысты 19-23 сәуір аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады. Бұл ретте қозғалыс жақын жерде орналасқан көшелермен ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz