Алматы облысында мектептер мен балабақшаларға арналған жиһаз шығаратын жаңа отандық зауыт іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.
Кәсіпорында қазіргі таңда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт әмбебап парталар, әртүрлі пішіндегі орындықтар мен шкафтар сияқты жиһаз түрлерін темір, ағаш және пластик материалдарынан құрастырып, тұтынушыларға ұсынады. Сонымен қатар денешынықтыру құралдары, балалар ойын алаңдары және металл құрылымдарға қатысты өнімдер де осында жасалады. Кәсіпорын болашақта өндіріс аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, ноутбук пен интерактивті панельдер сияқты заманауи техника құралдарын жинақтайтын арнайы цех ашу көзделген.
Темірлан Еркінбеков, Unitech зауытының өндіріс басшысы:
- Өзімізде бізде конструктор, технолог, дазайнеріміз бар. Барлығын осында жасаймыз. Осы зауттын барлығы шығады. Шетелден алмай, зауыт аштық. Өзіміздің қазақстандық адамдарды жұмысқа алып, мамандарды үйретіп, отандық өнімді дамыту жоспарымызда бар.
Отандық өнім бағасы нарықтан 15%-ке төмен. Осы уақытқа дейін зауыттан шыққан түрлі бұйымдар еліміздің 20-дан астам мектебіне жеткізілді.
Тегтер #Алматы облысы #мектеп #балабақша #жиһазPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz