RU
Толық нұсқаға өту

TazaQazBot телеграм арнасына 16 мың өтінім түсті

21.04.2025, 13:20 558

TazaQazBot телеграм-чат ботына тұрғындардан 16 мыңнан астам өтінім түсті.

Оның ішінде 5 мыңнан астам шағым бар. Көпшілігі аумақтардағы тазалық жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне, қоқыстардың уақтылы шығарылмауына және жолдардың нашар жағдайына қатысты жолданған. TazaQazBot телеграм арнасын Экология және табиғи ресурстар министрлігі былтыр қоршаған ортада тазалықты сақтауға қоғамдық бақылауды арттыру және азаматтарды экологиялық проблемаларды шешуге көбірек атсалуысуы мақсатында іске қосқан. Бүгінде ондағы өтініштердің ең көбі Алматы, Астана және Түркістан облыстарының тұрғындарынан болып отыр. Өтінімдер автоматты түрде тиісті жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Орындаушылар жұмыс аяқталғаннан кейін фото-есеп жариялауға міндетті.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz