Елде алдағы 5 жылға арналған Иинклюзивті саясат тұжырымдамасы қабылданды. Осылайша мүгедектігі бар азаматтардың жағдайын тиісінше жасау көзделіп отыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтылды.
Заман талабына сай қамкөңіл жандарды қолдау маңызды. Сондықтан мамандар барлық сайлау учаскесінде зағип жандарға арналған мәтінді тану бағдарламалық құралын енгізуге ниетті. Сондай-ақ учаскелерге пандус орнату мен Брайль қарпіндегі сайлау туралы ақпараты бар құжат әзірлеуді ерекше бақылауға алу жоспарлаған. Бұдан бөлек, салаға жасанды интеллектіні де енгізу көзделіп отыр.
Ләззат Сүйіндік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Бізде арнайы мониторинг тобы бар. Онда сайлау учаскелеріндегі түрлі санаттағы мүгедектігі бар азаматтар үшін жасалған жағдайлар бақыланады. Барлық жер талапқа сай жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Дегенмен саладағы олқылықтарды тиісті ведомство және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шешу жолдарын қарастырамыз.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Елде 737 мың мүгедектігі бар азамат өмір сүреді. Олардың сапалы қызмет алуы мен қолжетімділікті арттыру бағытында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс істеп жатыр. Бүгінігі жұмыс тобының отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Енді әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу жұмыстары күшейтіледі.
Тегтер #Мүгедектігі бар жандар #Орталық сайлау комиссиясы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz