Шымкентте Жеңістің 80 жылдығына орай «Даңқ мемориалын» қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды 24KZ. «Ерлікке тағзым» акциясына қатысушылар бүлінген 300 шаршы метрден астам гранитті ауыстырып, соғыс ардагерлерінің есімі қайта қашалды.
Сонымен қатар ескерткіштерді шаң қондырмайтын қоспамен шайып тазартты. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 50-ге тарта тарихи-мәдени ескерткіш бар. Биыл қала қазынасынан оларды жаңғыртуға және күтіп-ұстауға 125 миллион теңге бөлінген. Сала мамандары мән-маңызы айрықша мұраны қорғауға барша тұрғындарды шақырады.
Мұрат Әбдірахманов, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
- Қыстан кейін мына граниттердің барлығы тұзданып кетеді. Сол тұздардың барлығын жалтырату үшін толығымен кетіріп, полировка жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда «Даңқ мемориалында» кішкене бояу жұмыстары ғана қалды. Бүгін, ертең бұл жерді толық бітіріп дайындаймыз.
Тегтер #Жеңіс күні #Шымкент #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz