RU
Толық нұсқаға өту

Елде 273 балалар кітапханасы бар

22.04.2025, 08:05 545

Елде 4 мыңға тарта кітап үйі бар. Оның 273-і балалар кітапханасы.

Осыдан-ақ бізде кішкентайларға арналған мекемелердің көп емес екенін байқауға болады. Сол секілді балалар әдебиетіне қалам тербеп жүрген ақын, жазушылар да, тың туындылар да аз.Елде 3 893 кітапхана бар. Онда 72 млн-нан астам кітап сақтаулы. Ал оның 8 млн-ы балаларға арналған әдебиеттер. Яғни бүлдіршіндер оқитын шығармалардың үлесі 10 пайыздан әзер асады. Олқылықтың орнын толтыру үшін Үкімет қаламгерлерді қолдауға ниетті. Дегенмен салада ақын аз, жазушы жоқтын қасы.

Алмаз Мырзахмет, ҚР МАМ Архив құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы:

- 9 түрлі әдебиет қабылдайтын болсақ,  біреуі балалар әдебиеті деп арнайы аталған. Өкінішке қарай балалар әдебитіне туынды тапсыратын өтінімдер азайып келе жатыр. Өткен жылы біз 24 ғана балалар әдебиеті бойынша тапсырған және өткен өітінімдерді анықтадық. Балалар әдебиеті жанры өте күрделі болғандықтан саны жылда азайып кеткені рас.

Қазақ тіліндегі туындылар да көп. Бүлдіршіндерге арналған 8 млн шығарманың тек 3 млн-ы ғана ана тілімізде жазылған. Оның дені көне кітаптар көрінеді. Ал бүгінгінің баласы сырты жылтыр, суреті көп еңбектерді сүйіп оқиды. Қаламгер Серікбол Хасан безендіру ісінде қалыс қалдық дейді.

Серікбол Хасан, балалар ақыны:

- Бізде балалар кітабын безендіру ісі де кішкене әлі жолға қойылмай жатыр. Нағыз қазақи сурет салатын иллюстраторлар кемшін. Бізге осы иллюстраторлар мектебін дамыту керек. Бәлкім керек болса, балалар қаламгерлері балалар иллюстраторларымен бірлесіп жұмыс істеп сондай бір нағыз ішіндегі мазмұны да қазақ,  суреті де қазақи ұлт кітап жасап шығару керек.

Дегенмен түйткілдің түйіні енді тарқайтын сыңайлы. Себебі саладағы қаламгерлерді қолдау ісі кейінгі жылдары қарқын алған. Басылатын кітап та көп. Сондай-ақ авторларға түрлі сыйақылар тағайындалады. 

Алмаз Мырзахмет, ҚР МАМ Архив құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы:

- Балалар әдебиетіне қалам тербейтін қаламгерлерге қолдау көрсету мақсатында қосымша бірнеше жобаларды іске асырып келе жатырмыз. Соның ішінде Айбоз ұлттық әдеби сыйлығын енгіздік. Яғни сіз бұрын ешқашан жарық көрмеген  балалар әдебиетіне қатысты туындыңыз бар болса, Айбоз сыйлығының 7 коминациясының біріне ұсына аласыз. Жеңімпаз болып табылған қаламгерге 5 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Қанша десекте балалар әдебиеті «көлденең көк атты» кіре алмайтын маңғаз жанр. Ыбарай Алтынсариннен бастау алатын салаға талай мықты араласқанмен көп жазбаған. Қастек Баянбаев, Әдібай Табылдиев, Мұзафар Әлімбаев, берііде Байбота Қошым- Ноғай сынды авторлар өндірте жазғанмен бұл іске мұндай бел шешіп кіріскендер саусақпен санарлық. Сол себепті шығармалар әу бастан аздау. Былтар бас-аяғы мемлекет тапсырысымен 169 туынды басылып шықты. Оның 24-і ғана балалар әдебиеті. Жауаптылар биыл да бұл межені орындауға бейіл. 

Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы


Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz