RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбедегі жаңа шағынауданды жылан жайлады

22.04.2025, 08:35 429

Ақтөбеде жылан көбейді. Бауырымен жорғалаушылар ойын алаңы мен көпқабатты үйлердің ауласына кіріп, әсіресе «Батыс-3» шағынауданы тұрғындарының үрейін туғызып жатыр.

Жұрт жағдайды бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Иен дала бос жатқанымен, құрылыс жүргізгенде оның иесі бар екенін ұмытпаған жөн. «Бұрын бұл жер жан-жануар мен жәндіктердің мекені болған», - дейді биологтар. 

Әбдімұрат Әбдікәрімов, Қ.Жұбанов атындағы университеттің Биология кафедрасының аға оқытушысы:

- Бұл кәдімгі сұр жылан, «обыкновенная гадюка» деп аталады. Улы жыландардың тобына жатады. Шаққан жағдайда қан айналымы жүйесіне әсер етеді. Адамда лихорадка болады. Әсіресе жүрек ауруы, аллергиясы бар адамдарға қауіпті болып саналады.

Баян Әжіғалиева, қала тұрғыны:

- Жылда осындай уақытта ауламызға жылан кіреді. Жолда да жылан болады. Арасында басып та кетеміз. Жыланды кішкентай балалар ұстап алғысы келеді. Қорқамыз енді. Осы жылы бұрынғы жылдарға қарағанда көп болып тұр.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz