Енді қара малды бордақылау алаңдарына немесе ет комбинаттарына тапсырғаныңыз үшін жоғары мөлшердегі субсидия алуыңыз мүмкін.
Бұл етті ірі қара өсіруді ынталандырады дейді министрлік өкілдері. Сондай-ақ асыл тұқымды жас малды өсіру шығындарын азайтуға да көмекақы қарастырылып жатыр. Асыл тұқымды қой шаруашылығы мен жұқа жүн бағыттарын дамыту мақсатында қой жүнін өңдеуге кеткен шығындарды өтеледі. Бұдан бөлек, бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындарына, асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ мал сатып алуға арналған жылдық мөлшерлемесі 5%-тен аспайтын жеңілдетілген несиелер беріледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #нарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz