Елдегі 80-ге жуық мектепке дейінгі білім беру мекемесі «Жасыл балабақша» жобасына қосылды. Бағдарлама өскелең ұрпақты табиғатты аялап, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйретеді.
Жоба аясында 20 мыңнан астам бүлдіршін өсімдіктерді күтіп-баптап, гүлдер, көкөністер және жеміс-жидектер отырғызып жатыр. Мысалы, Тараз қаласындағы мекемелердің біріндегі жылыжайда балалар өз қолдарымен құлпынай өсірген. Балаларды ерте дамыту институты мамандарының айтуынша, мұндай тәсіл өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырады.
Мария Ерманова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының директоры:
- Бұл жобаның негізінде қалдық заттардың сұрыптау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Яғни балабақшалардың ауласына жәшіктер қойылады. Сол жерде балалар қалдық заттарды сұрыптап үйренеді. Сонымен бірге балалар құстарды, жәндіктерді өсіріп, қамқорлық танытуды үйренеді.
Тегтер #жоба #балалар #мектепке дейінгі ұйымдарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz