RU
Толық нұсқаға өту

Жетісайлықтар жаппай тазалық шарасын өткізді

22.04.2025, 15:20 567

Түркістан облысының Жетісай ауданының үш мыңға жуық тұрғыны тазалық акциясын ұйымдастырды.

Табиғат жанашырлары саябақтар мен көшелерді, қоғамдық орындарды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазалады. Шөп шауып, ағаш көшеттерін екті. Талдардың түбін әктеп, аулаларды абаттандырды. Оған 15 арнайы техника жұмылдырылды. Жалпы жыл басынан бері аудан аумағында 25 мыңға тарта көшет егіліп, мыңнан аса қоқыс үйіндісі жойылды.

Ұлықпан Әбіров, Жетісай қаласының тұрғыны:

- Ағаш егу, тал егу, әктеу, шөпті тазалау – бұл табиғатты қорғауда өте маңызы зор. Бүкіл Жетісай қаласының тұрғындарын осындай сенбілікке жаппай атсалысуға шақырамын.

Серік Мамытов, Жетісай ауданының әкімі:

- Туған жерді түрлендіру, көгалдандыру - тапсырма емес, жүрегі елім деп соғатын әрбір азаматтың ортақ міндеті. Жетісай - жай ғана аудан емес, тарих күнделігінде өзіндік орны бар, аталарымыздың маңдай терінің нәтижесінде бой көтерген киелі мекен. Осы орайда ауданның барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға шақырамын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz