RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда «Кітапхана түні» акциясы басталды. LIVE

22.04.2025, 20:32 579

Павлодарда «Кітапхана түні» өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Ұлттық кітап күні қарсаңында ұйымдастырылған акцияның мақсаты – халықтың оқуға құлшынысын арттыру. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапхана тек кітап оқитын орын емес, қызықты кездесулер өткізіп,  пікір алмасатын мәдени-рухани орталыққа айналған.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- «Кітапхана түні» акциясы қалада өтіп жатыр. Дегенмен, шара «Ауыл кеші көңілді» деген аталады. Кітапхана іші төрт алаңға, дәлірек айтсақ, төрт ауылға бөлінген. Өздеріңіз білесіздер, Павлодар облысытарихта есімі алтын әріппен жазылған даңқты тұлғалар дүниеге келген жер. Биыл Жаяу Мұса Байжановтың, Майра Шамсутдинованың, Иса Байзақовтың және Қалмұқан Исабаевтың мерейтойы тойланады. Кітапхана түніне келгендер осы аты аталған тұлғалардың ауылына аялдайтын болады. Сонымен қатар «Достық ауылы» бой көтерді. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналыпты.

Бүгін кітапхана қоры жаңа туындымен толықты. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Еламан Қабділәшімнің «Санамдағы сөз..., Қаламдағы ой» кітабының тұсауы кесілді. Жаңа туынды жайында автордың өз аузынан естісесек.

Еламан Қабділәшім, ақын:

- Бұл кітапта бір ой толғау бар, жарық сөніп қалса екен деген. Мен ойлаймын, сарқылмайтын ештеңе жоқ қой. Күндердің бір күнінде адамзат кітапқа оралады. Жалпы әдебиетті, әлем әдебиетін оқып жұрген жастар бар...

Сондай-ақ кітапхана түнін тамашалап келген қонақтарға арнап көрме, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі және айтыс ұйымдастырылған. Қалың көпшілік байқаулар мен  викториналарға қатысып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz