Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының аумағына бомба жиі түскен, деп хабарлайды 24kz.
Бұл аймақ Сталинград майданының тылы болды. Ауданнан 77 мың адам соғысқа аттанып, жартысы қайтпады. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өңірге республикалық генералдар кеңесінің мүшелері барып, соғыс құрбандарынң рухына тағзым етті. Жеңіс алаңындағы мәңгілік алауға гүл қойып, қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. Кеңес мүшелері жастар және тәртіп сақшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. Одан кейін Ақтөбе және Петропавл қалаларына аттанады.
Бексұлтан Сәрсеков, «Генералдар кеңесі» РҚБ төралқа төрағасы:
- Қазіргі жас жауынгерлерге, одан кейін сол жауынгерлікке дайындалып жатқан жастарға Отанды қалай қорғау керек деген тірлікпенен біз келдік. Мына Мәншүк апамыздың айтқаны бар ғой, ең соңғы хатты өздеріңіз білесіздер ғой, «ертең мен қаза болсам, мен Отаным үшін, әкем үшін, сіздер үшін».
Арман Оразәлиев, облыстық полиция департаментінің бастығы:
- Біздің жастарымыз, біздің қызметкерлерімізбен кездесу өткізілетін болады. Жалпы біздің қызметкерлер де осындай кездесулер жаңа импульс беруі керек және де осы генералдар сияқты болуға ынтасы болуы керек. Осылай осы азаматтарымыз сияқты зейнеткерлікке шықса да, елімізге әлі де қызмет атқаратынын көретін болады.
Тегтер #Жеңістің 80 жылдығы #БҚОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz