Көпшілік назарына қиял-ғажайып, ертегілер, әдеби-тарихи туындылар мен ұлт перзенттері туралы жазылған ғұмырнамалар ұсынылды, деп хабарлайды 24kz.
Сонымен қатар «Жетісудың рухани қазынасы» деп аталған көрме ұйымдастырылды. Қала тұрғындары көңілі қалаған кітапты оқып, ұнатқанын сатып алды. Жыр сүйер қауым орталықтағы сахна төріне көтеріліп, елге танымал ақындардың өлеңін жатқа айтты. Жастарға ел тарихынан сұрақтар қойылып, жауабын тапқандарға кітап тарту етілді. Өнерпаздар оркестрдің сүйемелдеуімен әсем ән шырқап, қалалықтарға рухани кеш сыйлады.
Арайлым Жұмағазықызы, қала тұрғыны:
- Ұлым бар, қызым бар. Оларға кішкентай кезінен Абайдың өлеңдерімен сусындатып, жаттатып өсіргім келеді. Абайдың өлеңдерін жаттап өскен бала елін, Отанын жақсы көретін, тарихты жақсы білетін бала болып өседі деп ойлаймын.
Самал Шаяхметова, С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапхана директоры:
- Биыл Ұлттық кітап күні ерекше атап өтілуде. Апталық ретінде бүкіл Жетісу облысының кітапханалары болып 200-ден астам 300-ге жуық шара ұйымдастырудамыз.
Тегтер #Талдықорған #кітап #жәрмеңке #көрме #тұрғындарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz