Елде әр адамға 15 кітаптан келеді. Яғни 300 млн-ға жуық әдебиет бар. Бүгін жаңа мереке - «Ұлттық кітап күні».
Бұл Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасының негізінде Үкімет Қаулысымен бекітілген. Елде қазір 12 мыңдай кітапхана жұмыс істейді. Онда жаңағы айтқан 300 млн-ға жуық кітап болса, оның ішінде 100 мыңнан астам қолжазба мен сирек басылымдар сақтаулы. Кейінгі 5 жылда республикалық бюджет қаражатына 1 116 кітап жалпы таралымы 3 млн 138 мың данамен басылып шықты. Сонымен қатар «Балалар кітапханасы» бағдарламасы шеңберінде 2 580 атаулы кітаптың тізімі бекітілген. Бүгінгі таңда бұл кітаптар жалпы тиражы 2 млн-ға жуық дана басылып шықты. 2023 жылы 169 түрлі әдеби шығарма жалпы 255 мың данамен жарық көрген. Қа
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #кітапхана #кітап #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz