Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары басталды. Шаруалар биылғы науқанды жылдағыдан ерте бастады. Себебі күн райының жылынуына байланысты уақытында ылғал сақтап үлгеруге тиіс.
Корней Шевченконың қыс бойы тұрған техникалары дала төсін дүбірге бөлеп жатыр. Күн райы да шаруаның тоқтаусыз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп тұр. 10 күн ішінде егіс алқабының тең жартысында ылғал жабу жұмыстары жүргізілген.
Корней Шевченко, агроном:
- Былтыр ылғал жабуды 23 сәуірден бастап, егіс алқабына әрең шыққанбыз. Биыл 12 күнге ерте кірістік. Бұл жұмыстардың пайдасы көп маңызы зор. Себебі қылтиған арамшөптерді жояды. Себілген дәннің өсуіне одан мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Нарықтағы жағдайды саралаған шаруалар енді рапс өсіруді қолға алмақ. Диқандар биыл бидай алқабын 700 мың гектарға қысқарту арқылы майлы дақылдар үлесін ұлғайтуға ниетті.
Елена Гонтарь, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-1,6 млн гектар ылғал жабылды. Бұл аймақтағы егістіктің 36 процентінен асады. Сонымен қатар алқаптарды тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары биыл 4 млн 400 мың гектар жерді игереді. Оның басым бөлігіне бұршақ пен дәнді-дақыл себеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #агроном #дала жұмыстарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz