Елде таңбаларды тауар белгілері ретінде сараптау мен тіркеу рәсімі жеңілдейді.
Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі заң жобасына осындай түзету енгізіліп, Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Алдын ала сараптама жүргізу мерзімі өтініш берілген күннен бастап бір айдан 10 жұмыс күніне дейін, ал толық сараптама жүргізу 7 айдан 3 айға дейін қысқарады. Сондай-ақ заң жобасында зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау, оны дамытуға қолайлы жағдай жасау, елге инвестиция тарту және креативті экономиканы дамыту үшін қосымша құқықтық құралдар қарастырылған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #тауар #нарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz