Кейінгі 2,5 жылда еліміздегі экология саласында жемқорлықтың 70 дерегі тіркелген.
Оның ішінде Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Ұлытау облысының аумақтық экология департаменттерінің, сондай-ақ Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің басшыларына қатысты қылмыстық істер бар. Бұл туралы экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне арналған ведомствоаралық Мәжілісте айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және елдің табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуді күшейту туралы шешім қабылдады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #экология #жемқорлықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz