RU
Толық нұсқаға өту

ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

23.04.2025, 15:07 554

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа ел Президентінің Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, Парламент депутаттары және Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері қатысты. Бейбітшілік және келісім сарайында бас қосқан көпшілік мерейлі мезетті қорытындылап, болашақ міндеттерді айқындады. Сондай-ақ Ассамблеяның бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлі орасан екенін айтты. Оған үлес қосқан азаматтар дәл бүгін құрметке бөленді. Ассамблея 4,5 мыңнан аса ұйымның басын біріктірген институтқа айналғаны рас. Ал Ассамблея Кеңесінің мүшелері елдің бірлігін бекемдеп қоймай, түрлі салада дамуына ықпал етіп жүр.

Әлішер Сатыбалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Екі Палатада депутаттардан құралған. Мәжілістен - 20, Сенаттан – 10. Жалпы 30 депутаттан тұратын «Бір ел, бір мүдде» депутаттық тобы жұмыс істеп жатыр. Оған қоса, бүгінгі таңда вертикал жолға қойылды. Барлық облыстық, қалалық, аудандық Мәслихаттарды осы Ассамблеяның бірлік, ынтымақ секілді депутаттық топтары құрылып жатыр. Бұл дегеніміз халықтың ішіндегі мәселелердің барлығы осы вертикал арқылы Парламентке, Парламент арқылы билікке жетеді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz