Елде су қоймаларын салу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен орман алқаптарын пайдалануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ селден, топырақ және қар көшкінінен қорғау нысандарының құрылысы үшін де суармалы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға болады.
Мәжіліс заңнамаға тиісті өзгерістерді әзірлеп, бірінші оқылымда мақұлдады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауылды елді мекендерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу мақсатында пайдалауға да рұқсат берілмек. Атап айтсақ, алдағы уақытта Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының арнайы бөлінген учаскелерінде жергілікті халықтың қажеттілігі үшін шөп шабу мәселесі қарастырылады.
Ерболат Сатыбалдин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жалпы жемқорлыққа жол бермеуге тырыстық, мәселен, жаңағы жерлерді беталды таратуға рұқсат алуға талпынған баптар болды, біз енді тосқауыл қойдық. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлерін басқа жер санаттарына ауыстыру жөніндегі мәселе ғой, біз ол жерде нақты жазып қойдық. Мысал үшін, бұрын қорғалатын табиғи аумақтарға кіріп кеткен объектілердің негізгі нысаналық бағыттарын өзгертпей, оған коммуникация тартуға рұқсат. Мысалы, аурухана ма, ол аурухана күйінде қалу керек. Балаларға сауықтыру орны ма, сауықтыру орны күйінде қалу керек.
Тегтер #су қоймалары #орман алқабы #ауыл шаруашылығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz