RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда жас кітапханашылар тәжірибе алмасты

23.04.2025, 23:30 480

Жас кітапханашылар бас қосты. «Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» мамандары өңірлерден келген әріптестерімен кездесіп, тәжірибелерін бөлісті, деп хабарлайды 24KZ. Заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды енгізу жайын талқылады.

Қорларды цифрландыру және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Мұндағы кітапханалар қолжетімділік мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Олар көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар қала бойынша тәулік бойы кітап алып, қайтаруға мүмкіндік беретін автономды автоматтар орнатылған.

Толқын Құрамысова, А. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхананың жетекшісі:

- Өңірдегі әріптестерімізге осы жүйе арқылы жұмыс жасау. Ол бізде кітапханашының жеке өзінің жұмысын жеңілдету мақсатында оқырман өзі келіп, өзі жүгіне алады дегендей. Осы мақсатта біз өңірдегі әріптестерімізге түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz