Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» акциясы белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Жедел-профилактикалық іс-шара Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен қолға алынған.
Акция асында патрульдік полиция заңсыз жолаушы тасымалы, қарсы бағытқа шығу, жаяу жүргіншіге жол бермеу секілді құқықбұзушылықтарды анықтап, тиісті шаралар қабылдап жатыр. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы мамыр айында да жалғасын табады.
Тоқтарбек Әшірбаев, Шымкент қалалық патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары:
- 2025 жылдың 19 сәуірі мен 19 мамыры аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шарас өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын, соның ішінде заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысатын автобус және такси көліктерін анықтау.
Тегтер #Шымкент #қауіпсіз жол #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz