Шымкент қаласында ерікті жастардың бастамасымен Қошқар ата өзенінің жағалауында кең ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында 200-ге жуық экобелсенді өзен жағасын қоқыстан тазартып, табиғатқа жанашырлық танытты.
Экоакцияға қатысушылар шашылған полиэтилен пакеттер мен пластмасса қалдықтарын жинап, айналаны күл-қоқыстан арылтты. Сонымен қатар, көгалдарды баптап, орындықтар мен қоршауларды сырлап, төңіректі сыпырып шықты. Ағаштарды әктеп, санитарлық жағдайды жақсартуға атсалысты. Нәтижесінде, өзен жағалауынан 1 тоннадан астам қоқыс шығарылды. «Қала келбетінің көркеюі – әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Мұндай акциялар табиғатқа деген құрметті қалыптастырады», – дейді қатысушылар. Ұйымдастырушылар мен еріктілер осындай шараларға көпшілікті белсенді қатысуға шақырды.
Қайыржан Бөгенбай, қалалық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
- Әкімдіктің сайтына немесе бізге жазады. Осы жерде, тұрғын алаптарда немесе қоғамдық орындар мен балалар ойнайтын алаңшаларда тазалық жұмыстарын жүргізу керек деп. Бізді қуантатын жағдай ол жастардың бойындағы таза сана қалыптасып келе жатқаны. Себебі 2 мыңға жуық жас өзін волонтермын деп осы тазалық акцияларына үлесін тигізуде.
Тегтер #Шымкент #Қошқар ата #тазарту жұмыстары #Еріктілер #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz