«Бірлігіміз – әралуандылықта». Осы қағидатты жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдаланған дұрыс.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясында аталған салаға назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Алматыда Қазақстан этностары театр өнерінің фестивалін өткізуді ұсынды. Бүгінде елде 9 орыс драма театры табысты жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ ұйғыр, корей, өзбек және неміс театрлары көрермен көзайымына айналған. Бұдан бөлек Президент музейлердің жайына да тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдаланған дұрыс. Александр Пушкин, Тарас Шевченко, Федор Достоевский, Михаил Шолохов және басқа да тұлғалардың музейлері – Қазақстан мәдениетінің баға жетпес қазынасын толықтырып тұр. Бұл музейлерді көпшілікке таныту үшін экспозицияларын Астана мен Алматыда ұйымдастыру маңызды. Кейбір этномәдени бірлестіктер бірегей өнер және этнографиялық жеке коллекцияларды жинады. Бұл да еліміздің мәдени мұрасына айналуға тиіс.
Тегтер #Алматы #фестиваль #ҚХА 30 #Мемлекет басшысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz