Кейбір мемлекеттер үшін этникалық әралуандылық сын-қатердің, сенімсіздік пен төзбеушіліктің белгісі болуы мүмкін.
Бірақ бұл біздің жалпыұлттық қазынамыз әрі стратегиялық артықшылығымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Президент осылай деп, басты құндылықтарға арқа сүеуіміз қажет, деді. Ынтымақ-бірлік, диалог, өзара сенім мен құрмет – еліміздің қарқынды дамуының мызғымас қағидаттары екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз құндылықтарға арқа сүйей отырып, тәуелсіздіктің зор жетістіктерін сақтап, еселеп, келер ұрпаққа аманаттай аламыз. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құрамыз. Біз өз жерінде тыныштық пен келісімде өмір сүруге болатынын дәлелдеген, өз тағдырын өзі шеше алатынына көптің көзін жеткізген, болашаққа нық қадам басқан біртұтас ұлтпыз. Осынау тар жол, тайғақ кешуде еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігін нығайтып, барлық қиындықты еңсеріп, мақсатымыздан айнымаймыз.
Тегтер #хабар24 #президент #Тоқаев #Қазақстан #Таңдаулы #ҚХА 30Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz