RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда оқырман санын арттыру жайы талқыланды

24.04.2025, 19:50 590

Оқырман санын арттырудың жаңа әдістері мен кітапхана жүйесін цифрландырудың тиімділігі.

Алматыда алғашқы республикалық кітапхана хакатонына жиналған мамандар осы мәселелердің шешімін іздеді. Еліміздің әр өңірінен келген жастар өз жобаларын ұсынды. Осылайша білімін жетілдіріп, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік алды.

Әр облыстан келген 40-тан аса жас кітапханашы Alatau Creative Hub-ында бас қосты. Олар бірнеше топқа бөлініп, оқырман белсенділігін арттыру, цифрландыру, қызмет сапасын жақсарту және жастарды кітап оқуға қызықтыру бойынша тың жоба жасады. Маңғыстау облысынан келген Бекзат Хожамедов ғұламалардың өмірі мен еңбегін мектеп оқушылары үшін комикс жанрында жасауды ұсынды.

Бекзат Хожамедов, Ақтау қалалық Орталық кітапхананың қызметкері:
- Маңғыстауда Пір Бекет бар. Балалардың санасына Пір Бекетті ұғынықты түрде жеткізу үшін комикс дайындадым. Жалпы қазақта үлкен ғұлама адамдар көп. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Яссауи бар. Бұл жалғыз Бекетпен тоқтап қалатын жоба емес.

Жас мамандар ұсынған 20 жобаның ішінен бесеуі келесі кезеңге өтті. Үздік жобалар ел кітапханаларында жүзеге асыруға ұсынылып, авторларына бастамаларын әрі қарай дамыту үшін қолдау көрсетіледі. Іс-шараның мақсаты-өңірлік кітапханаларды көркейту.

Ғазиза Нұрғалиева, ҚР Ұлттық кітапхананың директоры:
- Жалпы 2017-ден бері модернизация, кітапханаларды модернизациялаудың алдында келе жатыр. Осы соңғы 2-3 жыл тіпті автоматтандыру жүйесі, бүкіл қалаларға кітап автоматтарын қою. Бұл кітапхана саласының модернизациядан өтуі, жалпы заманға сай қызмет етуі үлкен мегаполистерге ғана қолжетімді болмауы керек.

Қазір еліміздегі кітапханашылардың 70 пайызға жуығы жастар. Жас оқырмандардың қатары да көбейіп келеді. Сондықтан кітапхана қызметі заман талабына сай болуы керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz