Шығыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылықтарында «өртті ерте анықтау жүйесі» орнатылады.
Ақылды қондырғылар алдағы уақытта қауіп жоғары деп танылған 9 алқапқа қойылмақ. Жүйенің тиімділі сол, өрт мұнарасына бекітілетін бейне бақылау камерасы түтін шыққан аумақ туралы бірден орталыққа мәлімет жібереді. Мамыр айында Марқакөл,Үлкен Нарын, Самар аудандарында алдын ала зерттеу жүргізіліп, жаңа бағдарламмен жұмыс істейтін нақты орындар анықталады. Әзірге облыстағы жасыл желекті оттан сақтау үшін дрон қолданылып жатыр. Болашақта 26 ұшу құрылғысын сатып алу көзделген,-дейді мамандар. Ал «заманауи жүйе» іске қосылса, орманшылар үшін де орман үшін де зор көмек болмақ.
Мерхат Әміров, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
- Бұл жүйе жетілдіріледі. Бұл тек өртті анықтау ғана емес, өрт қай бағытта кететінін, желдің, температураның бағытын, қандай тәуекелдер бар екені бойынша ақпарат жіберіп отырады. Бұл жүйе толығымен іске асар болса, біз ойлағандай орман шаруашылығына тиімді болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ШҚО #орман өртіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz