Қостанайда Тобыл өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды.
100-ден аса адам бірнеше сағат ішінде бір жүк көлігі тола пластмасса, пакет пен шыны жинады. Тобылдың жағасынан, жаз бойы адам арылмайды. Ал шомылу маусымы басталғанда кісі қарасы тіпті көбейеді. Табиғат жанашырлары, айдын жағасының тазалығы, осында келіп демалатындардың жауапкершілігіне байланысты екенін айтады. Сондықтан туған өлкенің тұмса табиғатына, қамқорлықпен қарауға үндейді.
Жұматай Ахметхан, қоғам белсендісі:
- Сырттан немесе басқа елден келгенде қаламыз таза, жақсы болып тұрғанға не жетсін деп ойламын. «Таза Қазақстан» акциясы өте орынды. Бұл әдетке айналу керек деп ойлаймын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Тобыл #қоқыс #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz