RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500 шара өтті

24.04.2025, 23:29 693

Петропавлда кезекті «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, орталық саябақ ретке келтірілді.

300-ге жуық адам қатысып, қоқысты жинап, тал-теректің түбін әктеді. Тазалық шарасы облыс аумағында өтті. Ауылдар мен елдімекендердің айналасы қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ Жеңіс мерекесі қарсаңында, барлық тарихи-мәдени ескерткіш тазартылып, аумағы абаттандырылады. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500 шара ұйымдастырылды. Жергілікті жастар түрлі эко-фестиваль, тазалық марафондары мен байқауларды, әр апта сайын өткізіп тұрады.

Жұлдыз Тоқтарқазы, Жастар ресурстық орталығының маманы:

- «Таза Қазақстан» акциясы, челенджі бағдарламасы аясында өте көп жұмыстар атқарылады. Соның ішінде әртүрлі скверлер дейміз, парктер, кішігірім көшелер бүгінгі жасалып отырған сияқты акциялар өте көп ұйымдастырылады. Ескірткіштердің маңында ләйім тазалық жұмыстары жасалып отыру керек.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz