RU
Толық нұсқаға өту

Жастар ардагерлердің құрметіне қойылған мемориалды тазалады

24.04.2025, 23:10 607

Алматылық жастар Орталық зираттағы майдангерлердің құрметіне қойылған мемориал аумағын тазалады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің дені осында жерленген. Мереке қарсаңында белсенділер ескерткішке апаратын жолды, оның маңайын ретке келтірді. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты, қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және экологиялық сананы ояту»,-дейді ұйымдастырушылар. 1 жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы қазір, белсенді қозғалысқа айналды.

Әкежан Кеңесов, Жетісу аудандық Комьюнити орталығының жетекшісі:
- Қазір көріп отырғандарыңыздай, 60-70-ке жуық жастар бүгінгі шараға қатысып жатыр. Негізі бұндай шаралар тұрақты түрде өтеді. Өздеріңіз көргендей, енді біршама енді таза. Өйткені әр апта сайын, әр ай сайын жұмыстарға тек жастар ғана емес, аудан тұрғындарын, қала тұрғындарында жұмылдырамыз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz