Тек ол үшін алдын ала сақтандыру компаниясымен келісімшарт рәсімдеу қажет. Елімізде мамыр айынан бастап ұшақ жолаушыларын ерікті түрде сақтандыру пилоттық жобасы іске аса бастайды.
Елде әрбір төртінші әуе рейсі кешігеді. Мәселен, былтыр 88 мың ұшақтың 23 мыңы кестеге сай ұшпады. Салдарынан діттеген жеріне уақытылы жете алмаған жолаушылардың жоспары бұзылды.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
- Билетті сақтандыру қағидасы бүкіл Қазақстан бойынша ұшатын 5 отандық әуе компаниясына қатысты болады. Бұл бірнеше артықшылығы бар. Қандай да бір форс мажорға байланысты тұрғындар өздерін жаңағы бұл енді қауіпсіздік қой бірінші. Қаржылық қауіпсіздік. 02-05 мәселен, тұрғынымыз бір дерге әуе бидлетін сатып алды делік. Әрине ол рейс орындалса ойдағыдай болса ешқандай да қаражат қарастырылмайды себебі рейс орындалды.
Егер борт әуе компаниясының кінәсінен кешіксе, онда қолданыстағы ережеге сай, жолаушы өтемақы талап етуге құқылы. Әр адамға 2 сағаттан артық күткені үшін су, 4 сағаттан артық күтсе – ыстық тамақ, күндіз 6 сағаттан, түнде 8 сағаттан артық күткені үшін қонақ үй қарастырылуы тиіс. Енді ұшақтардың кестеге сай ұшпағаны үшін өтемақы төлеудің қосымша шарасы енгізіледі. Алдын ала сақтандыру рәсімдеу арқылы кез-келген жолаушы ақшалай өтемақы ала алады. Сақтандырудың құны 3 жарым мыңнан 5 мың теңгеге дейін болуы мүмкін.
Виктория Старожилова, әуе компаниясының өкілі:
- Сақтандырудың ішіне мына жағдайлар кіреді: әуе рейстерінің кешіккені үшін сақтандыру, жолаушы жүгін сақтандыру. Сондай-ақ, жолаушының өз еркімен ұшпай қалуы, оқыс жағдайлар және құжатын жоғалтуы секілді жағдайларды да сақтандыруға болады.
Әрине, әлем елдері сақтандырудың бұндай түрін қолданысқа әлдеқашан енгізген. Ресейде сақтандыру құны теңгеге шаққанда 3 мыңның шамасында тұрады. Ұшақ 4 сағаттан артық кешіксе, одан кейін қосылған әр сағат үшін төленетін өтемақы көлемі арта береді. Бұндай тәжірибені жолаушылардың көбі қолдап отыр.
Басты сұрақ – сақтандыру енгізілсе, елде ұшақтардың кешігуі азая ма? Сарапшы Серік Мұхтыбаев бұндай болжамға сеніңкіремейді. Айтуынша, мәселе оңалмайды. Бірақ шешудің өзге амалы бар. Ол үшін сақтандыруды әуе компанияларының өздері рәсімдеуі қажет. Сонда олар кестені бақылап, техникалық ақауларды дер кезінде жойып, жолаушыларға да байыпты көзқараспен қарар еді.
Серік Мұхтыбаев, авиациялық сарапшы:
- Рейстердің кешігуінен сақтандыру енгізгілері келсе, оны жолаушыдан бұрын әуе компаниясы өз қолына алуы керек. Яғни, әуе компаниясы сақтандыру фирмасына барып, осындай жағдайлар үшін келісімшарт жасасады. Егер оқыс жағдай орын алса, жолаушыларды тамақтандыру, жатын орынмен қамту шығындарын сақьандыру компаниясы төлейді.
Бастама қаншалықты тиімді боларын уақыт көрсетеді. Пилоттық жоба мамыр айынан бастап іске қосылады.
Авторлары: Рухани Әбдірахман, Гульдана Кален, Нургали Мамурбаев, Артур Горшняков,
Тегтер #Таңдаулы #әуе рейсі #өтемақы #жолаушылар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz