RU
Толық нұсқаға өту

Астанада адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

25.04.2025, 15:40 460

Қазақстанда былтыр адам саудасымен айналысқан үш қылмыстық топтың жолы кесілді. Ал оның мүшелері 14 жылға түрмеге тоғытылды.

Айта кетелік, елімізде қылмыстың осы түріне қатысты жауапкершілік қатаңдатылып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұған қоса Қазақстан адам саудасын болдырмау және жолын кесу бойынша халықаралық конвенцияларға қол қойғаны белгілі. Бүгін сыртқы істер министрлігінде адам саудасының өзекті мәселелері тақырыбында дипломатиялық корпусқа арналған жиын өтті. Онда Бас прокуратура, Мәжіліс депутаттары және миграция жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері жаһандық түйткілге қатысты ой қозғап, елдегі құқықтық-заңнамалық тәжірибе қаузалды. Бүгінде адам саудасына қатысты қылмыстық істерді анықтау жұмысы қарқын алған. Бұл халық арасындағы түсіндірме жұмысының нәтижесі.  

Әділет Тоқтамысов, ҚР Бас прокуратурасының басқарма бастығы:

- Біздің елімізде бұл проблемаға өте үлкен мән беріліп отыр. Жалпы Қазақстан Республикасында заңнамаға қатысты үлкен жұмыстар жүргізілді. Бейінді заң қабылданды адам саудасына қатысты. ҚР 100-ден астам конвенциялар қабылдады. Енді Қылмыстық кодекске бірталай өзгеріс енгізілді. Қылмыстық кодексте адам саудасына қатысты 8 бап бойынша жауапкершілік көзделген.

Серхан Актопрак, Миграция жөніндегі халықаралық ұйым миссиясының басшысы:

- Біз Қазақстандағы адам саудасының жолын кесуде елеулі өзгерістерді көріп отырмыз. Ең алдымен адам саудасын болдырмау үшін заңнама тұрғысынан бірталай шаруа атқарылған, заңнаманың іске асырылуына біршама күш салынғаны көрініп тұр. Сондай-ақ құқықтық актілердің озық тәжірибесіне сүйеніп, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілгені қуантады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz