RU
Толық нұсқаға өту

Оралда WorldSkills аймақтық чемпионаты өтіп жатыр

25.04.2025, 17:20 527

Оралда WorldSkills аймақтық чемпионаты басталды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы жарысқа 430 колледж студенті қатысып жатыр. Сонымен қатар 500-дей оқушы кәсіптік бағдар беру шараларына тартылған.

WorldSkills халықаралық қозғалысы жұмысшы мамандардың біліктілігі мен дайындығын арттыруды көздейді. Сол мақсатта жыл сайын сайыстар өткізеді. Егер орта мектептердегі білім сапасын пән олимпиадалары айқындаса, кәсіптік мектептердің деңгейі осы чемпионатта көрінеді. Өңірде осымен оныншы рет өткізіліп отырған жарысқа 28 колледждің 430 студенті қатысты.

Бағида Сарбалина, білім беру басқармасының бөлім басшысы:

- Сол әлемдік қозғалысқа үлесіміз облыстың деңгейін өткіземіз. Жеңімпаздарды республикаға жібереміз. «WorldSkills» 2015 жылдан өңірімізде басталса, 2016 жылдан республикаға қатысып жатырмыз. 3 құзыреттіліктен 60-қа жетіп отырмыз. Бірнеше алтын күміс медаль алыппыз.

Чемпионатта облыс өрендерінің қол жеткен табыстары аз емес. Ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Руслан Юсупов 2023 жылы Польшадағы әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі. Ал Мақсат Мұхитов былтыр республикада екінші орын алды.

Мақсат Мұхитов, колледж студенті:

- Белсенді қатысқаны үшін колледжден көп қолдау беріледі, көп жерден көмектеседі. Жұмысқа өзіңнің мамандығың бойынша кіруге де көмектесетін жарыс, чемпионат. Енді оңай емес, әрине, бірақ әркімнің бағын сынап көруге мүмкіндіктері бар.

Мемлекет басшысының жарлығымен жарияланған жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған чемпионаттың ашылуына облыс әкімі қатысты. Ол еңбек нарығында жұмысшы мамандықтары қашанда зор сұранысқа ие болатынына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Қ. Ақырап, Э. Аюпов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz