2030 жылға дейін Жамбыл облысында 10 су қоймасы салынады. Одан бөлек, қолданыстағы 3 су қоймасы жаңғыртылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісі аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысында айтылды.
Жалпы былтыр аймақтағы су ресурстарын дамыту үшін Ислам даму банкінен 146 миллиард теңге қарыз алынып, 80 жоба жүзеге асып жатыр. Қалғұты, Ақмола, Ырғайты су қоймалары құрылысы басталды. Ал Теріс-Ащыбұлақ пен Қарақоңыз қоймалары жаңғыртылады. Сондай-ақ 417 шақырым болатын 76 канал қалпына келтіріледі. Одан бөлек, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі есебінен бес ауданда 34 жоба іске асып жатыр. Бұл жұмыстардың нәтижесінде аймақта 80 мың гектардан астам суармалы жер қалпына келіп, су шығыны едәуір азаймақ. Оған қоса аймақта су үнемдеу технологияларын пайдаланылатын егістік көлемі 55,4 мың гектарға жетті.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы:
- Үкіметке басқа ұйымдарға берген ұсыныстарымыздың өңірлерде қалай жүзеге асып отырғанын, біріншіден, қарап, бақылап және де қажет болса, Үкіметке тиісті ұсыныстар дайындау мақсатымен келіп отырмыз. Біздер ертең аудандарға шығамыз су обьекітлерін қараймыз. Ветеринария обьектілерін көреміз. Өзіміздің көзімізбен қарап, әрине, өмір болған соң кемістіксіз де болмайды, соны әрмен қарай қалай жетілдіруге болады, қалай шешуге болады, соның жолдарын қарап, депутаттық үлесімізді қосамыз.
Тегтер #Жамбыл облысы #су қоймасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz