RU
Толық нұсқаға өту

Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру көлемі ₸36 млрд-тан асты

25.04.2025, 19:50 515

Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру көлемі 36 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы көрсеткіш. Соның нәтижесінде елде 2,5 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асқан.

Иә, бүгінде мемлекет пен үкіметтік емес сектордың серіктестігі – өркениетті даму жолындағы маңызды қадам. Бұл ынтымақтастық әділетті, инклюзивті, баршаға бірдей мүмкіндіктер беретін Жаңа Қазақстанды құрудың басты тетіктерінің бірі болып саналады.

Айта кету керек, қоғамның шынайы күші – халықтың өз қолымен, өз бастамасымен атқарған ісінде. Ал сол бастамалардың қанат жаюына мүмкіндік беретін ол үкіметтік емес ұйымдардың қажырлы еңбегі мен елге деген шынайы жанашырлығы. Осыны ұмытпау қажет.      

Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы:

- Ол қоғамдық ұйымдар біздің қоғамымыздағы түрлі мәселелерді шешуге үлесін қосып жатыр. Бүгінде 18 мыңға жуық ҮЕҰ тіркелген. Олар біразы белсенді жұмыс жасап жатыр. Көбі әлеуметтік жобаларда жұмыс жасап жатыр. Экологияға байланысты қызметтерін атқарын жатыр. Сонымен қатар отбасы институтына да қатысты өзінің қызметін көрсетіп жатқан осындай ҮЕҰ бар екен.

Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы – ел өміріндегі маңызды үрдіс. Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттің сенімді серіктесіне айналды. Бүгінде олардың қоғамдағы рөлі күн санап артып келеді. Жыл сайын елімізде 2 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар жоба осындай ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл азаматтық сектордың қарқынды дамып жатқанын көрсетеді. Жобалар саны да 41%-ке, ал гранттық жобалар 33%-ке артқан.

Үкіметтік емес ұйымдар халыққа аса қажет салаларда белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытында 726 жоба, жастар мен балалар бастамалары бойынша 290, ал білім, ғылым, спорт және ақпарат саласында 140 жоба іске асқан.

Бұл бастамалардың нақты нәтижелері жоқ емес, бар. Осы жобаларды жүзеге асырудың арқасында 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. 670 шағын грант арқылы азаматтық бастамаларға жол ашылды. 100 мыңнан астам адам оқыту шараларына қатысты, ал 20 мың волонтер арнайы дайындықтан өтті. Сонымен қатар 1,2 миллионнан астам азамат әлеуметтік көмекпен қамтылып, оның ішінде 15 мыңға жуық ерекше қажеттіліктері бар адам тиісті қолдау алды.

Мемлекет пен халық арасындағы диалогты тереңдетіп, қоғамның түрлі топтарының үнін естіртетін ерікті де жауапты құрылым – үкіметтік емес ұйымдар. Олардың қызметі тек жоба-көрсеткіштермен шектелмейді. Бұл ел болашағына деген сенімнің, азаматтық жауапкершілік пен шынайы жанашырлықтың көрінісі. Азаматтық қоғамның дамуына үлес қосу – әділетті әрі өркениетті Қазақстанның берік негізі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz