RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарлық оқушылар «Шаңырақ» челленджін ұйымдастырды

25.04.2025, 19:57 550

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында павлодарлық оқушылар ерекше патриоттық челлендж өткізді.  «Достық» үйінің алаңында сап түзеген 600-ден астам оқушы шаңырақ үлгісінде инсталляция жасады. Композицияның ортасында «Бірлік күні» деп жазылды. Осылайша құс ұшар биіктен таспаға түсіргенде ерекше әсерлі көрініс пайда болды. Флешмоб соңында бейбітшіліктің символы ретінде ақ көгершіндер ұшырылды. Ертіс-Баян өңірінен бастау алған эстафетаны оқушылар елордалық құрдастарына жолдады.

Усман Росляков,  оқушы:

-Жуырда 1000 бала қалалық сайысының жеңімпазы болып атандым. «Шаңырақ» челленджіне қуана қатысып отырмын. Себебі мемлекеттік маңызы бар бірлік күніне өз үлесімді қосып елімнің патриоты екенімді көрсеткім келеді және барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтаймын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz