RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстау индустриалды паркіндегі теміржол желісі жаңарды

25.04.2025, 23:20 434

Маңғыстау индустриалды паркі аймағында теміржол желісі толық жаңарды, деп хабарлайды 24KZ. Мұндағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 13 шақырым. Соның 6 шақырымына жаңадан рельс төселді.

Өз кезегінде индустриалды паркте шоғырланған 17 кәсіпорынның  құрылыс, мұнай-газ секторына қажетті дайын өнімдерін теміржол арқылы жедел жөнелтуге мүмкіндік туды. Ауданы 189 гектарды құрайтын индустриалды парк Ақтау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған арнайы аймақ, инфрақұрылымдық желілерімен толықтай қамтылған.

Бақытгүл Ғалиева, «Каспий» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазір индустриалды парк орналасқан аймақ өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бері күтім көрмеген. Соған сәйкес парктегі теміржол желісі бүгінге дейін авариялық күйде болды. Оны қайта жаңарту қазір жұмысын жалғастырып жатқан кәсіпорындардың қуаттылығын көтеруге серпін беретіні анық. Келешек олардың саны 30-дан асады деп күтіледі. Теміржол желісін жаңғырту жобасы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz