RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр

26.04.2025, 07:35 665

Түркістан облысы Марокко шегірткесінің дернәсілдерін улап жатыр. Зиянкестер өңірдегі 9 ауданның аумағында қоныстанған.

Қазір Келес, Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара аудандары мен Арыс қаласында жәндіктердің ошағы жойылып жатыр. Өңдеу шараларына мыңға жуық адам, 273 арнайы техника мен 900-ге жуық аспалы бүрку құралы тартылған. Дернәсілдердің ең көп шоғырланған, белсенді әрекет етуі мүмкін деп болжанған аумақтарды 4 «АН-2» ұшағы арқылы әуеден залалсыздандырады. Бүгінге дейін мамандар 600 мың гектардан астам аумақты зерттеп, 300 мың гектар жерді өңдеді. Биыл облыста марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары 372 мың гектар аумаққа жүргізіледі.

Нұрбол Бекмұртаов, облыстық Аумақтық инспекция басшысы:

- Шыққан дернәсілдер қазір 2 жас кезеңіне өтіп отыр. 1 мамырда ересек кезеңіне өтеді, соған дейін біз толық дәріліп, аяқтауымыз керек.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz