RU
Толық нұсқаға өту

Қаражал қаласындағы бассейн мен стадион қашан пайдалануға беріледі?

26.04.2025, 09:20 449

Қаражал қаласындағы орталық стадионды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Күрделі жөндеу бірнеше жылға созылды. Шағын қалада жүзу бассейні салынған еді. Алайда қос нысан да әлі күнге дейін ел игілігіне берілмей тұр.

«Аумағы мың шаршы метрден асатын жабық бассейн заманауи талапқа сай салынды», - дейді мамандар.  Күніне 350 адамды қабылдауға қауқарлыҚұрылысқа жергілікті бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі жұмысты былтыр қабылдап алған. Дегенмен тұрғындар асыға күткен нысан әлі күнге пайдалануға берілмеді.

Қаражалда есігі құлыптаулы тұған спорт ғимараты жалғыз бассейн емес. Орталық стадион да жабық.  Нысанды жаңғырту жұмыстары былтыр желтоқсанда аяқталды.   Жаңа жасанды көгал төселіп, қосымша жабдықтармен толықты. Спорттың 5 түрімен шұғылдануға болатын стадион қазір  бос тұр.  Жаңғыртудан кейінгі құжаты дайын емес.  Себебі елімізде жаңадан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ашуға мараторий жарияланған. Сондықтан, аталған нысандар бұрыннан жұмыс істеп тұрған мекеменің балансына  берілуі тиіс.

Гүлмира Исина,  Қалалық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің басшысы:

- Бұл жұмыстардың кешеуілдеп жатқан себебі осы құжаттарды рәсімдеу себеп боп тұр. Сол құжаттарды қолымызға алғаннан кейін мәдени сауық орталығына тапсырамыз. Әрі қарай елдің игілігіне беріледі.

«Жауаптылар жарты жыл бойы рәсімдей алмаған құжат жақында тиісті органға жіберілген. Рұқсат берілсе маусым айына дейін қос нысанды да ашамыз», - дейді жауаптылар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz