RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда халықаралық сән апталығы басталды

26.04.2025, 09:50 722

Түркістанда алғаш рет халықаралық сән апталығы басталды. Оған әлемнің 10 елінен 40-тан астам дизайнер келіп, ерекше киім үлгілерін көрсетіп жатыр.

Қатысушылардың басым бөлігі қазақстандық жас сәнгерлер.

«Алғашқы күні 50-ге жуық дизайнердің туындылары ұсынылды. Арасында әлемдік сән өнерінде ерекше қолтаңбасы қалыптасып, өнімдері брендке айналған жандар бар. Өзбекстандық қонақтар жібек матадан тігілген ерекше үлгісін ұсынса, грузиялықтар классикалық киімдерін көрсетті. Қолданылған былғары мен маталар таза италиялық өнім», - дейді мамандар. «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық жобасы Түркістанның Дүниежізілік «Қолөнершілер қаласы» мәртебісін алуына орай ұйымдастырылды. Сән индустриясында өзіндік орны бар көрме 3 күнге жалғасады.

Елена Козлова, өзбекстандық дизайнер:

- Мынадай орамалдарды 100 пайыз жібектен дайындаймыз. Біздің арнайы цехымыз бар. Оны да бастан аяқ өзіміз өндіреміз. Жалпы осындай халықаралық шараларға жиі шығып тұрамыз. Бұған дейін қазақстанның өзге аймақтарында болдық. Түркістанда алғаш болуымыз, қатты ұнады.

Джимми Залиашвили, дизайнер:  

- Біздің сән әлеміне келгенімізге көп бола қойған жоқ. 2020 жылы қолға ала бастадық. Бұл жолы келушілер назарына бірнеше киім үлгілері  мен акссесуарларымызды қойып отырмыз. Алдағы күндері модельдер киіп шығады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz