RU
Толық нұсқаға өту

М. Әшімбаев «Run for Аutism» қайырымдылық жарысына қатысты

26.04.2025, 13:25 471

Елордада жүгіруден «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті.

Игі шараға арнайы келген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аутизмі бар азаматтарды оңалтудағы спорттың маңызын ерекше атап өтті. Марафоннан жиналған қаражат аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталады. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бүгінгі шараның басты мақсаты - халықты аутизм бойынша ақпараттандыру және инклюзивті орта қалыптастыру. Марафонға 3000-нан астам адам тіркелді. Бұл өте керемет. Бұл қоғамның жаңа бағытқа қарай өзгеріп жатқандығының белгісі. Қазір инклюзивті орта құруға ат салысқысы келетін азаматтардың қатары жыл санап артып келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz