Ұлытау облысында «Бүкілқазақстандық ағаш егу күніне» арналған экологиялық акция аясында 7 600 түп көшет егілді.
Шара облыстың барлық қала мен аудандарында өтті. Акцияға мемлекеттік қызметшілермен қатар қоғам белсенділері, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері белсенді қатысты. Солтүстік өңірлерден жеткізілген қарағай, үйеңкі және қарақат көшеттері қала-аудандардың орталық көшелеріне, саябақтар мен скверлерге егілді. Мамандардың айтуынша, бұл ағаш түрлері Ұлытау облысының климаттық және топырақ жағдайларына жақсы бейімделеді. Биыл өңірде жалпы 27 мың түп ағаш егу жоспарланған.
Аслан Арынов, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:
- Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күніне орай 3 мың көшет отырғызу жоспарланған. Өткен аптада 500 көшет отырғызылған. Қалған көшеттерді қазір мемлекеттік мекемелердің атсалысуымен отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Әрі қарай оларды күтіп ұстау саябақтарды күтіп ұстау мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жүктеліп, оларды баптау жұмыстары жүргізілетін болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ұлытау #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz