RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Бозымбаев Өскемендегі энергетика және сумен жабдықтау нысандарын аралады

26.04.2025, 17:30 427

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Өскемендегі энергетика және сумен жабдықтау нысандарын аралады, деп хабарлайды 24KZ. Алдымен қалалық жылу электр орталығын жөндеу жұмыстарымен танысты.

Биыл жаңғыртуға «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 7,5 млрд теңге бөлінді. Станцияда 9 қазан агрегаты мен 8 турбоагрегатты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан кейін Қанат Бозымбаев Согра жылу электр орталығын аралады. Соңғы үш жылда мұндағы тозу деңгейі 2% төмендетіліп, 61% құрады. Сондай-ақ Согра ауылында салынып жатқан су тазарту нысандарының құрылысымен де танысты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz