Жетісу облысында биыл 500 мың гектардан астам жер игеріледі.
Соның 100 мың гектарына Кербұлақ ауданының диқандары ауыл шаруашылық дақылдарын егеді. Қазір олар әрбір қолайлы күнді ұтымыды пайдалынып қалуға тырысып жатыр.
Бақтияр Құдайбергенов Кербұлақ ауданындағы ең ірі шаруашылықта еңбек етеді. «60 алқымдаған механизатор жаңа сепкішпен күніне 40 гектарға майлы және дәнді-дақыл сеуіп жатыр. Озық үлгідегі құрылғы бірнеше жұмысты қатар атқарады»,- дейді ол.
Бақтияр Құдайбергенов, механизатор:
- Қазір мына техникалардың жабдықтары жақсы. Бұларда тереңдігін бір қоясың. Алдында дискі жүріп кетеді. Дөңгелектерін кесетін болса, алдыңғы дөңгелек бір басады, артындағы және «трамбовочный» болып кетеді. Одан кейін артында катогы дайын. Іштегі барлық жабдықтар көрсетіп тұр. Компьютермен басқарамыз.
Кербұлақ ауданына егілген дәнді-дақылдардың шығымы жауын-шашын мөлшеріне байланысты болады. Тәлімді жерден тәуір өнім алу үшін шаруалар жаңа техникамен қатар озық технологияны қолданысқа енгізіп жатыр.
Жанат Жүнісбеко, Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары:
- 600 гектар жерге тамшылатып жаңбырлатып себу бойынша арпа бидай және картоп тұқымы егіліп жатыр. Сонымен қатар 49 гектар жерге тамшылатып суару арқылы қант қызылшасын себу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 800 гектар жерге үлкен шаруашылық скл фрегаттарды әкеліп, жаңбырлатып егу технологиясы арқылы жерді игеруге кірісіпті. Сол кезде бізде 1449 гектар жаңа технологиялырмен игеру қолға алынады.
«Жетісу облысында биыл 226 мың гектар жерге дәнді-дақыл себіледі. Соның тең жартысында көктемгі дала жұмыстары аяқталды»,- дейді мамандар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жетісу #Жер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz